ҚАУЫМДАСТЫҚТАРДЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні 2026–2027 оқу жылында облыстық директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары мен сынып жетекшілер қауымдастықтарының құрамының өзгеруіне байланысты кезекті отырысы өткізілді.
Отырыс барысында қауымдастық мүшелерін таныстыру, олардың арасында функционалдық міндеттерді бөлу және қазан–желтоқсан айларына арналған жұмыс жоспарымен таныстыру мәселелері қаралды.
Сонымен қатар, аудандық және қалалық білім беру ұйымдарында «Сенімді болашақ» жобасын іске асыруды жалғастыру және үйлестіру, «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясындағы негізгі бағыттарды жүзеге асыру мәселелері талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша қауымдастық жұмысының тиімділігін арттыруға бағытталған ұсыныстар қаралып, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер мен жұмыс бағыттары айқындалды.
Облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс ...
Облыстық оқу – әдістемелік және қосымша білім беру орталығының іс-қимыл ...
2019 жылғы 1 ақпанда білім беру ұйымдарынының мұғалімдері арасында «Робототехника ...
Семинар мақсаты: «Жаңартылған білім беру бағдарламасы аясында әдістемелік ...
«Назарбаев Зияткерлік мектептері" ДББҰ тәжірибесін трансляциялау бойынша ...











