Инновациялық жұмыстарының республикалық іріктеу кезеңі
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстарының республикалық іріктеу кезеңіне үміткерлердің өтініштері 05 қазанына дейін қабылданып Білім берудің оқу-әдістемелік орталығына 9 колледжден 37 өтініш келіп түсті.
Олар:
Маңғыстау энергетикалық колледжі – 2
Каспий өңірі «Болашақ» колледжі – 7
Х.Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау политехникалық колледжі – 13
Жаңаөзен қызмет көрсету және жаңа технологиялар колледжі – 3
Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі – 3
«Каспий» педагогика және салалық технологиялар коллледжі – 1
Мейірбике колледжі – 3
Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау гуманитарлық колледжі – 2
М.Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақтау көлік колледжі – 2.
Іріктеу кезеңіне қатысу үшін ұсынылған құжаттар мен материалдар.
1) Конкурсқа қатысу үшін ұсынылған жұмыстың мазмұнын сипаттайтын колледж басшысының ұсыныс хаты;
2) автордан өз Жұмысына қысқаша андатпа;
3) осы Ереженің «Жұмысқа қойылатын талаптар» бөлімінде көрсетілген жүктелген жұмыстың форматына қойылатын талаптарға сәйкес жұмыс;
4) қатысушының фотосуреті (файл өлшемі jpg форматында 200 Кбайт аспайды);
5) осы жұмыстың бірегей сәйкестендіру белгілері бар қосымша растайтын құжаттар (бар болса).
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығына түскен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары педагогтерінің инновациялық жұмыстарының республикалық іріктеу кезеңіне құжаттары қаралып 10 қазан күні 8 колледжден 31 үміткерлердің жұмыстары ұсынылды.
2024 жылдың 21 қазан күні Жаңаөзен қаласындағы білім беру ұйымдарындағы тәрбие ісі ...
«Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесі Маңғыстау облысының білім ...
Ағымдағы жылдың 21-24 қазан күндері “Біртұтас тәрбие” бағдарламасын, Ата-аналарды ...
18.10.2024 жылы Маңғыстау облысы білім басқармасының Бейнеу ауданы бойынша білім ...
Ағымдағы жылдың 18 қазан күні білім беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңес ...
Білім берудің оқу әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылғы ...
Ағымдағы жылдың 7-18 қазан аралығында "Отпан" жобасы аясында "Педагогикалық ...
Бүгін, 2024 жылғы 14 қазан күні Ақтау қаласындағы «Оқушылар сарайында» техникалық ...
Мұғалімдер күні мерекесімен қабат жеткен сүйінші хабар! Республикалық ...
Бүгін, 5 қазанда облыс әкімі Нұрдәулет Қилыбай мұғалімдер күніне орай ...