Орталық жаңалықтары

«Шыңдалу» мектебінің перспективасы» тақырыбында облыстық вебинар өтті

2023 жылдың 30 қаңтар күні ҚР халық ағарту ісінің үздігі, «Құрмет белгісі» орденді ұстаз Бақыт Балұлының «Шыңдалу» мектебі атауымен облыстық «қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің қауымдастығының» жоспарына сәйкес кәсіби шеберлік пен білікті мамандарды шыңдауға негізделген ««Шыңдалу» мектебінің перспективасы» тақырыбында облыстық вебинар өтті.

Вебинарға облыс бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің шебер мұғалімдерінен құралған «Шыңдалу» мектебінің мүшелері қатысты.

Мақсаты: «Шыңдалу» мектебінің жылдық жоспарымен танысу, 2023 жылы атқарылатын іс-шаралардың мақсат-міндеттерін айқындау, жауапты жетекшілер тағайындау, «Аңыз адам» журналын құрастыру жұмыстарын ұйымдастыру.

Вебинар облыстық Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының директоры Үмбетова Жаңагүл Жұмахметқызының басшылығымен өтті.

Жиналыста «Шыңдалу» мектебінің ережесі мен жоспары таныстырылып, талқыланды. «Аңыз адам» журналының эскизі көрсетіліп, барша қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдерін белсенділік танытып, атсалысуға шақырды.

Мұғалімдерге ізденіс жолында тек шығармашылық табыс, сәттілік тіледік. 

title=title=title=title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылғы 5 тамыздағы №227 нқ бұйрығына ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылғы 3 тамыздағы №226-нқ бұйрығына ...

Жиынға Қазақстанның барлық өңірлерінен келген командалармен қатар, Әзірбайжан, ...

2026 жылғы 21 шілде күні «Қазақстан Республикасында мектепке дейінгі және бастауыш ...

Ағымдағы жылы облыстық сараптамалық кеңестің қарауына барлығы 125 жұмыс түсіп, ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылғы іс-шаралар жоспарларына және ...

Ағымдағы жылы облыстық сараптамалық кеңестің қарауына барлығы 368 жұмыс түсіп, ...

«Біздің таланттар» музыкалық-шығармашылық байқауының республикалық кезеңі ...

2026 жылғы 2 маусым күні Әдістемелік кеңес отырысы онлайн өтті. Күн тәртбінде 9–11 ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2026 ...