Ұстаздар мерекесі 2021
Қазанның 4-і күні аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев облыс педагогтарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, білім саласына елеулі үлес қосқан ұстаздарды марапаттады.
Биыл алғаш рет Маңғыстау облысы әкімдігінің қаулысымен "Маңғыстау облысының білім беру саласына қосқан үлесі үшін"төсбелгісі бекітілді. Осылайша, конкурстық іріктеу арқылы төсбелгінің иегерлері анықталды. Байқауға барлығы 12 бағыт бойынша 175 педагог қатысты. Комиссия мүшелері мұғалімдердің білім беру қызметіндегі жеке кәсіби жетістігі мен шәкірттерінің жетістігіне баға берді. Байқау ережесіне сәйкес жеңімпаздарға арнайы төсбелгі мен біржолғы сыйақы берілді.
Сонымен қатар, бүгінгі салатанатты шарада облыс әкімі «Үздік педагог» конкурсының жеңімпаздарын, саналы ғұмырын білім беру саласына арнаған ардагерлерді, ұстаздар династиясын марапаттады. Құрметке бөленгендердің қатарында отбасылық ұстаздық өтілі 294 жылды құрайтын Құрмашевтер, отбасылық ұстаздық өтілі 171 жылды құрайтын Бекембаевтар және отбасылық ұстаздық өтілі 160 жылды құрайтын Ордалы Қосайдың жанұясы бар. Үш әулеттен 35 мұғалім шыққан. Мерекелік кеште облыс әкімі педагогтарға алғыс хаттар табыс етті.
Жас ұрпақтың жан-жақты білім мен тәрбие алуына лайықты жағдай жасау – біздің міндетіміз. Президент аймаққа келген жұмыс сапарында Маңғыстау облысының кешенді даму жоспарын жасақтауды тапсырған болатын. Соның ішінде өңірде 35 білім беру нысандарын салу жоспары бар. Жаңадан бой көтеретін білім ордалары өңірдегі мектеп тапшылығы мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Құрметті ұстаздар, алдарыңызда бәсекеге қабылетті ұрпақ тәрбиелеу міндеті тұр. Біз өз кезегімізде мұғалімдерге қажетті қолдауды көрсетеміз. «Ұстаз бақыты - озып туған шәкірті» дейді, елімізді әлемге паш ететін талантты да білімді шәкірттеріңіз көбейе берсін,-деді Нұрлан Ноғаев.
05 қазан 2021 жыл
Ағымдағы жылдың 28 қыркүйек күні ZOOM платформасы арқылы «Арнайы білім берудегі ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні 2026–2027 оқу жылында облыстық директордың тәрбие ...
2026 жылдың 17 қыркүйек күні Ақтау қаласындағы №17 «Күншуақ» бөбекжайы базасында ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...
ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...
2026 жылғы 10 қыркүйек күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «ЭкоStart: ...
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...



















