"Үздік тарих және құқық пәні мұғалімі" олимпиадасы
2022 жылғы 17-18 қараша күндері Ақтау қаласының С. Мұқашев атындағы №16 жалпы білім беретін мектепте педагог кәсібінің мәртебесін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық тарих және құқық пәндері мұғалімдерінің олимпиадасы өтті. Олимпиадаға құқық пәні бойынша 6 мұғалім және тарих пәні бойынша 6 мұғалім қатысты.
Байқаудың бірінші күні мұғалімдер электронды портфолио, цифрлы авторлық бағдарлама ұсынып, тест тапсырмаларын орындаса, екінші күні ашық сабақтар өткізді.
Педагогтерге байқау бағыттары бойынша олқылықтарды жою, болдырмау мақсатында әдістемелік көмек көрсетілді.
Қазылар алқасының шешімімен мұғалімдер дипломдармен, ақшалай сыйлықпен марапатталды:
І орын - Рубилова Ақмаржан Айдаровна, Актау қаласы, №19 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі, Сисенғалиева Жамал - Бейнеу ауданы, Абай атындағы ЖББМ құқық пәні мұғалімі;
ІІ орын - Турсабеков Нұркасым Хакбердиевич, Жаңаөзен қаласы №24 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі, Аманқос Жаннұр - Мұнайлы ауданы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 ЖББМ құқық пәнінің мұғалімі;
ІІІ орын - Бағдатұлы Міржақып, Мұнайлы ауданы, №9 ЖББ мектебінің мұғалімі, Қылышбекқызы Бибінұр - Әл Фараби қазақ ұлттық лицейінің құқық пәні мұғалімі;
Ынталандыру дипломымен Көлбаев Исламбек - Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің тарих пәнінің мұғалімі.
Жеңімпаз мұғалімдерді құттыктай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз.
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2026 жылға арналған жоспарына ...
Ағымдағы жылдың 23 қыркүйек күні 2026–2027 оқу жылында облыстық директордың тәрбие ...
2026 жылдың 17 қыркүйек күні Ақтау қаласындағы №17 «Күншуақ» бөбекжайы базасында ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы «Балаларды ерте дамыту институтының» ...
ҰСТАЗДАР НАЗАРЫНА! ТІКЕЛЕЙ ЭФИР Тақырып: «2–4-сыныптар бойынша бағалау ...
2026 жылғы 10 қыркүйек күні мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне арналған «ЭкоStart: ...
2026 жылғы 8 қыркүйекте Маңғыстау облысының білім басқармасының «Білім берудің ...
Ағымдағы жылдың 7 қыркүйек күні 2026-2027 оқу жылында «Бастапқы әскери даярлық» ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өңірдегі ...
2026 жылғы 3 қыркүйек күні ZOOM платформасында «2026-2027 оқу жылындағы білім мазмұны: ...



















