Орталық жаңалықтары

«Мен зерттеушімін» облыстық байқауы өтті.

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 10 сәуір күні мектеп жасына дейінгі ұйымдар арасында «Мен зерттеушімін» облыстық байқауы өтті.

Байқауға аудан, қалалардағы мектепке дейінгі ұйымдардан барлығы 7 жұмыс келіп түсті. Онлайн өткізілген байқауға бөбекжайлардың YouTube әлеуметтік желісінде жарияланған сілтемелері негізгі алынды.

Қазылар алқасының шешімімен төмендегі орындар мен номинациялар берілді.

Мектепалды даярлық тобы бойынша:

І орын – Қарақия ауданы, «Болашақ» бөбекжайы;

ІІ орын – Мұнайлы ауданы, №4 «Балапан» бөбекжайы;

ІІІ орын – Ақтау қаласы, №37 «Мәншүк» бөбекжайы.

Ересек топ бойынша:

І орын – Қарақия ауданы, «Ғарышкер» бөбекжайы;

ІІ орын – Түпқараған ауданы, «Айналайын» бөбекжайы;

ІІІ орын – Бейнеу ауданы, «Балдырған» бөбекжайы;

«Үздік бірлескен (ата-анамен) жұмыс» Жаңаөзен қаласы, №9 «Қызылсай» бөбекжайы;

«Креативті жұмыс» Бейнеу ауданы, «Балауса» бөбекжайы;

«Жас эколог» Маңғыстау ауданы, «Алшын Меңдалыұлы атындағы жалпы білім беретін мектеп» КММ МАД топ;

«Тапқыр зерттеуші» Маңғыстау ауданы, «Айгөлек» бөбекжайы ересек топ;

«Жаңалық жаршысы» Түпқараған ауданы, «Бәйтерек» бөбекжайы;

Жеңімпаздар Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен марапатталды.

Байқау жеңімпаздарын құттықтаймыз! 

title=


ЕГЕР СІЗ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ТАП БОЛСАҢЫЗ, ОСЫ НӨМІРГЕ ХАБАРЛАСЫҢЫЗ  CALL-ОРТАЛЫҚ ...

Мектепке құжаттарды қабылдау және оқушыларды бір мектептен екіншісіне ауыстыру ...

Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен ...

ҚР Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім беру ...

Маңғыстау облысында балалардың жазғы каникулда бос уақытын тиімді ұйымдастыру ...

2020 жылдың 15-19 маусым аралығында <Назарбаев Зияткерлік мектептері> ДББҰ Пшо ...

Ағымдағы жылғы 22 мамыр күні «Қылмыстың алдын алу ортақ міндет» ...

Халықаралық балаларды қорғау күні аясында өтетін «БАРЛЫҒЫ БАЛАЛАР ҮШІН» ...

«БІЗ БАРЛЫҚ ОТБАСЫМЫЗБЕН БИЛЕЙМІЗ, ТІГЕМІЗ, СУРЕТ САЛАМЫЗ ЖӘНЕ ӘН ...