ОБЛЫСТЫҚ ЖҮРМЕЛІ СЕМИНАР
2023 жылдың 19 қыркүйек күні «Зорлық-зомбылықтың және аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алуда бала психологиясының қалыптасу негіздері» тақырыбындағы облыстық жүрмелі семинарымыз Жаңаөзен қаласында өз жалғасын тапты.
Семинар мақсаты: Білім беру ұйымдарында психологиялық қызметті тиімді ұйымдастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алуда, бала психологиясының даму кезеңдерін психоанализ бағытында талдауды жетілдіру.
Іс-шараға жалпы білім беру ұйымдарының директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтер, әлеуметтік педагогтер (70-ке жуық маман) қатысты.
Жаңаөзен қаласы бойынша оқу-әдістемелік орталығының психология бойынша әдіскері Умарбаева Нұргүл Мұсақызы қатысушыларды семинардың тақырыбымен және мақсатымен таныстырып өтті.
Психологиялық қолдау бөлімінің жетекшісі Қойтанова Ғалия Күмбетбайқызы
- «Білім беру ұйымдарындағы зорлық-зомбылықты алдын алуда психологиялық қызметті ұйымдастыру» тақырыбымен және Арнаулы білім беру ұйымының педагог-психологы Көкебаева Назерке Амантайқызы
- «Тұлға дамуының психоанализ бағытындағы даму кезеңдері» тақырыптарында өз іс-тәжірибелерімен бөлісті.
Шара соңында жалпы білім беру ұйымдарының мамандары QR код арқылы кері байланыстарын жасап, алғыстарын білдірді.
2024 жылғы 13 желтоқсан күні Қ. Жұмашевтың қатысуымен Х. Өзбекғалиев атындағы ...
2024 жылғы 13 желтоқсан күні Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2024 жылғы ...
Атырау облысы Білім беру басқармасының Әдістемелік орталығы 2024 жыл 12 ...
Білім берудің оқу- әдістемелік орталығының іс- шаралар жоспарына сәйкес, 2024 ...
Бүгін 2024 жылдың 6 желтоқсанында Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық ...
05-06.12.2024ж. мектепте педагог кәсібінің мәртебесін арттыру, кәсіби қызметте жоғары ...
Ағымдағы жылдың 5 желтоқсан күні облыстық тәрбие ісі жөніндегі ...
«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2024 ...
Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ...