ТАМЫЗ КЕҢЕСІ — ЖАҢА ФОРМАТТА
Бүгін, 24 тамыз күні білім қызметкерлерінің «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» атты республикалық тамыз кеңесі басталды.
Кеңес аясында «Білім мазмұнын дамыту» тақырыбында өңірде панельдік секциялық отырыстар өтуде.
Секциялар 4 бағыт бойынша «Білім беру сапасын арттыру: іс-тәжірибедегі зерттеу мен идеялар», «Білім беру үдерісіндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Оқыту мен оқудағы инновациялық шеберлік», «Жаңа оқу жылында оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыптарына бөлінген.
Секциялық отырыстарда біліктілік санаты жоғары педагогтер, «Үздік педагог» байқауының жеңімпаздары, сонымен қатар оқытуда тың идея, жаңа әдіс-тәсілдер қолдану арқылы білім сапасын арттыруға үлесін қосып жүрген жас педагогтер іс-тәжірибесімен бөлісуде.
Айта кететін жәйт, дәстүрлі тамыз кеңесі биылғы жылы жаңа форматта «Бір өңір – бір тақырыптық бағыт» принципімен 20 өңірде білім саласындағы ең өзекті 20 тақырып бойынша өткізілуде.
22 тамыздан бастап тамыз кеңесіне Ақтөбе, Ұлытау, Түркістан, Алматы, Абай, Солтүстік-Қазақстан, Батыс-Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қызылорда, Түркістан, Абай облыстардан және Алматы, Астана қалаларынан 120 педагог келді. Барлығы 600-дей педагог қатысуда.
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 2025 жылғы ...
Зерделі ақыл ой дамыту мектебінің “Zergeli App” платформасында өткізген ...
Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес ...
6 мамыр күні, Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес 2025 жылғы 06 ...
Бүгін мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының ерекшеліктерін ...
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында тамыры терең дәстүр мен ұлттық құндылықты, ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2025 жылға арналған іс-шаралар ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, 2025 жылғы 30 ...
TopIQ платформасында электрондық оқулықтарды ең үздік қолдану бойынша өткізілетін ...