Орталық жаңалықтары

«Үздік әдіскер» облыстық байқауы қашықтан өткізілді

Орталықтың 2020 жылғы 29 қазандағы № 64 нқ бұйрығына сәйкес, 18 қараша күні қосымша білім беру ұйымдарындағы әдіскерлер арасында «Үздік әдіскер»  облыстық байқауы қашықтан өткізілді.

Шығармашылықпен шұғылданатын әдіскерлердің үздік әдістемелік тәжірибесін анықтау және тарату, педагог қызметкерлердің кәсібилігін қалыптастырып, дамытуда әдістемелік жұмыс жүйесінің бірегейлігін сақтау мақсатында өткізілген байқауға қосымша білім беру ұйымдарынан  8 маман қатысты. Ережеге сәйкес байқау 3 бөлімнен тұрды. 

«Мен - әдіскермін» бөлімінде қатысушылар өзін таныстырса, «Үздік әдістемелік ұсыным» бөлімінде TEDx форматында қосымша білім беру бағыттары бойынша әдістемелік ұсынымдар, білім беру бағдарламалары, оқытудың инновациялық педагогикалық технологиялары бойынша жаңа идеяларын қорғады. «Электрондық портфолио» бөлімінде  қосымша білім беру үдерісіне жаңа технологияларды енгізу бағытында жасақталған жоспарларымен таныстырды. 

Байқау қорытындысында қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін саралап, жеңімпаздарды анықтады.

І орын – Жанатилеуова Камарсұлу Амангелдиевна (Жаңаөзен қаласы, Оқушылар шығармашылық үйі);

ІІ орын – Махметова Динара Қыдыровна (Ақтау қаласы. Оқушы орталығы);

ІІІ орын – Маденова Ақерке Орынбасаровна (Бейнеу ауданы, Қ.Бақтыбайұлы ат. Бейнеу өнер мектебі);

ІІІ орын – Жұмашбаева Мәншүк Абсалыққызы (Маңғыстау ауданы, Балалар өнер мектебі).

Арнайы номинациялармен:

«Ең жас әдіскер» номинациясы – Қуатова Алтынай Исламқызы (Түпқараған ауданы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебі);

«Ізденімпаз әдіскер» номинациясы – Көшенова Мәдина Уранбекқызы (Мұнайлы ауданы, Өнер мектебі).

Қатысқаны үшін сертификатпен:

Кенжебай Жанар Кенжебайқызы (Қарақия ауданы, Ө.Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебі);

Сатқанбаева Алмагүл Якшимамаедовна (Қарақия ауданы, Құрық балалар өнер мектебі).  

title=title=


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Т. ...

2025 жылдың 29 қаңтарында Ақтөбе облыстық әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ...

2025 жылдың 28 ақпан күні Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы Маңғыстау жоғары ...

2025 жылдың 28 қаңтар күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

2025 жылдың 28 қаңтарында Ақтау қаласы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...

2025 жылдың 28 қаңтар күні ”Білім беру саласын цифрландыру және цифрлық ...

2025 жылдың 28 қаңтар күні “Тәрбие теориясының жаңа бағыттары” тақырыбында ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мен “Әкелер Одағы” республикалық ...

Қазақстан балалардың жан-жақты дамуы және болашағының жарқын болуы үшін ...

2025 жылғы 24 қаңтар күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім ...