Орталық жаңалықтары

«Электротехниканың теориялық негіздері» пәні бойынша болыстық олимпиада

2022 жылдың 24 ақпан күні «Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы» КММ ұйымдаструыменен  Маңғыстау энергетикалық колледжі базасында техникалық және кәсіптік, орта білімнен білім беру ұйымдарында оқытылатын «Электротехниканың теориялық негіздері»  пәнінен  колледж студенттері арасында олимпиада өтті. Оған  13 колледжден 25 студент қатысты. Олимпиада физика бағыты бойынша 1-2 курс студенттері арасында өткізілді.

Офлайн режимінде өткен олимпиада екі кезеңнен  тұрды:  І – ші кезең (тест сұрақтары),  ІІ - кезең (есеп шығару.)

Олимпиаданың негізгі міндеттері:

-студенттердің білімдерін жетілдіру мен тереңдету;

-студенттің зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Колледж директоры Абдуллаев Кадирбек Батешұлы алғы сөз сөйлеп, студенттерге сәттілік тіледі.

Сарапшыларды Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Энергетика және транспорт» кафедрасының доценті Ержанов Кали Шаймерданович және Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің «Іргелі ғылымдары» кафедрасының профессорының м.а, Физика-математика ғылымдарының кандидаты Казбекова Бейсенкуль Козбагаровна құрады.

 

title=title=title=title=title=


Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау ...

2025 жылғы 11 желтоқсанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспары және ...

Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында білім сапасын арттырудың 2025-2029 ...

СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ! 2025 жылғы 3-9 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен ...

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 ...

Астана қаласында 2025 жылдың 1-5 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан ...

2025 жылғы 4–5 желтоқсан күндері Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында ...

2025 жылға арналған Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына ...

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы ...