Орталық жаңалықтары

Анонс - ІІІ республикалық әдіскерлер форумы

Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары!

Ағымдағы жылдың 2–3 сәуір күндері «Әдістемелік қызметтің трансформациясы: инновация, сапа, тиімділік» тақырыбында ІІІ республикалық әдіскерлер форумы өтетіндігін хабарлаймыз.

Форум барысында әдістемелік орталықтардың қызметін жетілдіру мәселелері талқыланып, шешу жолдары қарастырылады, сонымен қатар әдістемелік жұмыстың сапасын арттыруға арналған ұсыныстар әзірленеді.

ІІІ Республикалық әдіскерлер форумы екі күнге созылады.

Ақтау қаласы, 18а шағын ауданда орналасқан AQTAU INTERNATIONAL SCHOOL халықаралық мектебінде пленарлық және секциялық отырыстар өтеді.

Сіздерді ІІІ республикалық әдіскерлер форумына қатысуға шақырамыз! 

title=