Халықаралық чемпионат ресми түрде бастау алды
Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен «DOSTI Skills Aktau 2025» халықаралық салалық достық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында өткізіліп жатқан салтанатты шараға Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі “Талап” коммерциялық емес акционерлік қоғамының президенті С. Татибеков, «DOSTI» ақпараттық орталығының өкілдері, Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Аббат Өрісбаев, облыстық мәслихат төрағасы Жаңбырбай Матаев, облыстық басқармалардың басшылары, ақпараттық технология саласы бойынша техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының әлеуметтік серіктес мекемелерінің, партиялардың өкілдері қатысты.
Сонымен қатар, аталмыш шарада Австрия, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясынан чемпионатқа арнайы келген халықаралық сарапшылар, сарапшылар мен студенттер, сондай-ақ, республиканың өзге өңірлерінен келген компатриот-сарапшылар мен студенттер, колледж басшылары, ата-аналар және мектеп оқушыларынан барлығы 800-ге жуық адам қамтылды.
Шараның екінші кезеңінде қонақтар өңірдегі колледж студенттерінің ақпараттық технология саласы бойынша дайындаған көрмесін аралап, студенттерге сәттілік тіледі.
Еске сала кетейік, халықаралық чемпионаттың негізгі кезеңдері 2-4 маусым күндері Халық Арена спорт кешеніндегі арнайы жабдықталған құзыреттілік алаңдарында “Электроника”, “Автономды мобильді робототехника” және “Прототиптеу” құзыреттіліктері бойынша жалғасады.
Чемпионатқа қатысушы студенттердің кәсіби дағдыларын халықаралық сарапшылар мен бас сарапшшылар саралайтын болады.
Барлық чемпионатқа қатысушы жастарға сәттілік тілейміз!
"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...
Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...
2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...
2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...
Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...
2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...
Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...
2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...
Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...