Орталық жаңалықтары

Информатика пәні мұғалімдерінің облыстық «Алтын диск» олимпиадасы

Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2022 жылғы іс-шаралар жоспарына сәйкес,  білім беруді ақпараттандыруды дамыту жағдайында информатиканы оқытудың инновациялық әдістері мен формаларын және педагогикалық идеяларды іздеу мақсатында 2022 жылдың 01-02 қараша  күндері информатика пәні мұғалімдері арасында облыстық «Алтын диск» олимпиадасы өткізілді. Олимпиадаға облысымыздағы жалпы білім беру ұйымдарының  8 информатика пәні мұғалімі қатысты.

Олимпиада 4 бағыттан тұрды. «Үздік ақпараттық оқыту технологиясы» тақырыбында презентация қорғап, тест жұмысын орындады. Бағдарламалау тілдері бойынша есеп шығарды, YouTube каналында алдын-ала жарияланған бейнесабақтары  бағаланды.

Қатысушыларға портфолионы жасақтау реттілігімен, сабақта АКТ-ны тиімді қолдану бойынша әдістемелік көмек көрсетілді , олимпиада шартындағы тест және есеп тапсырмаларынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қазылар алқасының шешімімен:

Информатика пәнінен:

І орын –  Информатика пәні мұғалімі Елжанова Гульназ Жексенбаевна, Мұнайлы ауданы, «Қызылтөбе лицейі»

ІІ орын -  Информатика пәні мұғалімі Байғожаева Гүлжанат Мусағалиқызы, Ақтау қаласы, №30 жббм

ІІІ орын – Информатика пәні мұғалімі Калиева Гульназ Рахметуллаевна, Бейнеу ауданы, Ы.Алтынсарин атындағы жббм

«Үздік сабақ» номинациясы – Информатика пәні мұғалімі Шербаева Жадыра  Куанышбаевна, Қарақия ауданы, №7  жббм

Жеңімпаз мұғалімдерді құттықтай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз!

 

title=title=


Бүгін, 16 мамыр күні орталықтың 2025 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес ...

Маңғыстау облысының білім басқармасының 2025 жылғы 6 мамырдағы №109-нқ бұйрығы ...

Бүгін, 15 мамыр күні «Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында білім сапасын ...

Ағымдағы жылдың 15 мамыр күні мектепке дейінгі білім беру ұйымдары ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы 2025 жылдың 15 мамыр күні, Ақтау қаласы ...

Ағымдағы жылдың 14-15 мамыр күндері Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2025 ...

Маңғыстау облысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мобильді топтарының ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2025 жылға арналған іс-шаралар ...

Маңғыстау облысы білім басқармасының 2025 жылғы 6 мамырдағы №109-нқ бұйрығы ...

Маңғыстау облысы мектепке дейінгі білім беру ұйымдары мобильді топтарының ...