Сүйінші жаңалық!
Сүйінші жаңалық!
Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық байқауларда 3 бірдей маңғыстаулық қатысушының қанжығасы майланды!
Үстіміздегі жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан халқының барлық жастағы этнос өкілдері арасында өткен «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясына елімізден 30 өзге ұлт өкілінен тұратын 171 адам қатысты. Қатысушылар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан жатқа мәнерлеп үзінді оқып, бейнематериалды әлеуметтік желіде (facebook) #менқазақшасөйлеймін2022 хештегімен жариялады.
Акция жеңімпаздары бейнематериал астындағы «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталып, Маңғыстаудан екі бірдей этнос өкілі жеңімпаз атанды. Оның бірі – Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Гасангусейнова Виктория (ұлты рутул) бас жүлдені, ал Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беретін мектептің 7 Ғ сынып оқушысы Халиулина Ұлболсын (жетекшісі: Эсетова Қазына) І орынды иеленді.
Ал бүгін Қарағанды қаласы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен республикалық «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауына еліміздің түпкір-түпкірінен медицина саласы қызметкерлері мен медицина колледжі студенттерінен 17 өзге ұлт өкілі қатысты. Өлкеміздің намысын қорғаған 16 жасар ең жас қатысушы Маңғыстау облыстық медициналық жоғарғы колледжінің І курс студенті Асадбек Турсынбаев (жетекшісі: Ғайнижамал Түменбаева) 50 мың теңгелік ынталандыру сыйлығына ие болды.
ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!
«Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов «Мектептің жаны – мұғалім» деген. Біз өркениетті ...
«Ең алдымен, баршаңызға дәстүрлі Тамыз конференциясының ашылуы құтты болсын! ...
2025 жылғы 14 тамыз күні Балаларды ерте дамыту институтының 07.08.2025 жылғы 01-04-372 ...
Тамыз конференциясы-2025: «Әдістемелік орталықтар: дамудың жаңа парадигмасы» ...
Мемлекет басшысы халықаралық жарыстарда топ жарып, алтын, күміс және қола медаль ...
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадалары ...
Биылғы Республикалық додаға еліміздің барлық облысынан 1000-ға тарта өтінім ...
2025 жылғы 8 тамыз күні Балаларды ерте дамыту институты мен Білім берудің ...
ҚР Оқу-ағарту министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2025–2026 оқу жылының ...
2025 жылғы 10 шілдеде Түпқараған ауданында Балық шаруашылығы қызметкерлерінің ...