Орталық жаңалықтары

Сүйінші жаңалық!

Сүйінші жаңалық!

Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай өткен республикалық байқауларда 3 бірдей маңғыстаулық қатысушының қанжығасы майланды!

Үстіміздегі жылдың маусым-қыркүйек айлары аралығында Қазақстан халқының барлық жастағы этнос өкілдері арасында өткен «Мен қазақша сөйлеймін» республикалық акциясына елімізден 30 өзге ұлт өкілінен тұратын 171 адам қатысты. Қатысушылар ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының шығармаларынан жатқа мәнерлеп үзінді оқып, бейнематериалды әлеуметтік желіде (facebook) #менқазақшасөйлеймін2022 хештегімен жариялады.

Акция жеңімпаздары бейнематериал астындағы «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталып, Маңғыстаудан екі бірдей этнос өкілі жеңімпаз атанды. Оның бірі – Мұнайлы ауданы, Басқұдық ауылдық мәдениет үйінің әдіскері Гасангусейнова Виктория (ұлты рутул) бас жүлдені, ал Мұнайлы ауданы, №7 жалпы білім беретін мектептің 7 Ғ сынып оқушысы Халиулина Ұлболсын (жетекшісі: Эсетова Қазына) І орынды иеленді.

Ал бүгін Қарағанды қаласы, Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде өткен республикалық «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» байқауына еліміздің түпкір-түпкірінен медицина саласы қызметкерлері мен медицина колледжі студенттерінен 17 өзге ұлт өкілі қатысты. Өлкеміздің намысын қорғаған 16 жасар ең жас қатысушы Маңғыстау облыстық медициналық жоғарғы колледжінің І курс студенті Асадбек Турсынбаев (жетекшісі: Ғайнижамал Түменбаева) 50 мың теңгелік ынталандыру сыйлығына ие болды.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

 

title=title=title=title=title=


2025 жылғы 17 қараша күні Ақтау қаласы, Қабиболла Сыдиықов атындағы Маңғыстау ...

2025 жылғы 14 қараша күні Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына орай қосымша ...

2025 жылдың 13-14 қараша күндері Астана қаласында өткен республикалық "Мектепке ...

2025 жылы 13 қараша күні Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжінде «Білім мен ...

Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен (Ахметова Жазира ...

Маңғыстау облысы білім басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысын іске ...

2025 жылғы 11 қараша күні Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының ...

Білім басқармасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, білім беру процесінде жасанды ...

Ағымдағы жылдың 10 қараша күні аудан, қала бойынша оқу-әдістемелік орталығы ...

Ағымдағы жылдың 7 қараша күні техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ...