Орталық жаңалықтары

Өзге ұлт өкілдері арасында байқау өтті

2021 жылғы 27 қазан күні мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, қазақ тілінің этносаралық қарым-қатынас тілі ретіндегі қызметін нығайту, мемлекеттік тілді меңгерген қоғамдың белсенді этнос жастарын ынталандыру мақсатында онлайн форматта «Мемлекеттік тіл – тәуелсіздік символы» республикалық байқауының облыстық кезеңі ұйымдастырылды.

Байқауға аудан, қаладан 21-35 жас аралығындағы 5 мұғалім қатысты. Олардың екеуі қарақалпақ, қалғандары ингуш, тәжік және орыс ұлтының өкілдері.

Байқау ережеге сәйкес 3 кезеңнен тұрды.

Бірінші кезеңде қазылар алқасы байқау қатысушыларының алдын ала ұсынған бейнематериалдарын қарап, бағалады.

Екінші кезеңде қатысушылар ұяшық таңдау арқылы ұсынылған тақырыптарда ой толғады.

Үшінші кезеңде «Менің тәуелсіз Қазақстаным» тақырыбында онлайн форматта эссе жазды.

Нәтижесінде, І орынды Ақтау қаласы, №9 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Алиева Мадина (ингуш)

ІІ орынды Ақтау қаласы, Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицей мұғалімі Аллаева Рухсора (тәжік) мен Қарақия ауданы, №1 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Панова Светлана (орыс) иеленді.

ІІІ орынды Жаңаөзен қаласы, №18 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Давлетназарова Рано (қарақалпақ) мен Мұнайлы ауданы, №10 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі Муслатдинова Мехрибану (қарақалпақ) тең бөлісті.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Тіл саясаты комитетінің» ұйымдастыруымен 2021 жылғы 12 қараша күні онлайн форматта өтетін республикалық байқауға Ақтау қаласы, №9 жалпы білім беретін мектептің ағылшын тілі пәні мұғалімі Алиева Мадина қатысып, бақ сынайды. Мадинаға сәттілік тілейміз! 

title=title=title=title=title=title=title=title=title=title=


Білім берудің оқу-әдістемелік орталығымен Маңғыстау облысының жастар ...

Бүгін 16 наурыз күні Білім басқармасының ұйымдастыруымен қосымша білім беру ...

«Педагогтерді әдістемелік қолдау: проблемаларды шешу жолдары» тақырыбында ...

2023 жылғы 16 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...

Облыстық білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына ...

2023 жылдың 10 наурыз күні онлайн форматта ұлттық біріңғай тестілеуде кездесетін ...

Информатика пәні мұғалімдеріне арналған «ҰБТ-да кездесетін күрделі есептерді ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2023 жылға арналған іс-шаралар ...

2023 жылдың 10 наурыз күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...

2023 жылғы 10 наурызда Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Маңғыстау ...