Әдістемелік көмек көрсетілді
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының (бұдан әрі - Орталық) 2021 жылғы 19 қарашадағы №31-нқ бұйрығына сәйкес құрылған жұмыс тобы, ағымдағы жылдың 22-23 қараша күндері балалардың аутодеструктивті мінез-құлқының алдын алу және бала құқығын қорғау мақсатында Ақтау қаласы Исатай Сүйеубаев атындағы №8 және Мұнайлы ауданы №14 жалпы білім беретін мектептердегі педагог-психологтары мен директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына әдістемелік көмек жұмыстарын ұйымдастырды.
Нормативтік-құқықтық актілерді қолдана білу жөнінде З. Тұрлан (Орталық директоры) «Білім беру жүйесінің заңнамалық негіздері», С. Каракулов (Мұнайлы ауданының №6 жалпы білім беретін мектептің тәрбие жөніндегі орынбасары) «ДТЖО мен психологтың біріккен жұмысы оқушы психикасының қауіпсіздік кепілі» тақырыптарында өз тәжірибелерімен бөліссе, Ғ. Койтанова (Орталық психологы) аутодеструктивті мінез – құлықты қалыптастырудағы ықпал ететін факторларды алдын – алуда жүргізілетін профилактикалық шаралар бойынша түсіндіріп, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығымен жұмыс жүргізілетіндігін айтты.
Облыс бойынша білім беру ұйымдарындағы директордың тәрбие жөніндегі ...
2022 жылдың 17 қазан күні онлайн форматта «Алтын диск» байқауына дайындалу ...
2022 жылдың 10-14 қазан күндері Білім берудің оқу әдістемелік орталығының жоспарына ...
14.10.2022 ж. күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына ...
Сүйінші жаңалық! Бүгін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының 2022 жылға арналған іс-шаралар ...
2022 жылдың 13 қазаны күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2022 жылдың 13 қазан күні білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
2022 жылдың 12 қазан күні білім беру ордасында туындайтын даулар мен жанжалдарды ...
2022 жылдың 12 қазан күні онлайн форматта «Мектепке арналған PISA» зерттеуінің ...