Орталық жаңалықтары

"Үздік тарих және құқық пәні мұғалімі" олимпиадасы


2022 жылғы 17-18 қараша күндері Ақтау қаласының С. Мұқашев атындағы 16 жалпы білім беретін мектепте педагог кәсібінің мәртебесін арттыру, әдістемелік көмек көрсету мақсатында облыстық тарих және құқық пәндері мұғалімдерінің олимпиадасы өтті. Олимпиадаға құқық пәні бойынша 6 мұғалім және тарих пәні бойынша 6 мұғалім қатысты.

Байқаудың бірінші күні мұғалімдер электронды портфолио, цифрлы авторлық бағдарлама ұсынып, тест тапсырмаларын орындаса, екінші күні  ашық сабақтар өткізді.

Педагогтерге байқау бағыттары бойынша олқылықтарды жою, болдырмау мақсатында әдістемелік көмек көрсетілді.

Қазылар алқасының шешімімен мұғалімдер дипломдармен, ақшалай сыйлықпен марапатталды:

І орын - Рубилова Ақмаржан Айдаровна, Актау қаласы, №19 мектеп-гимназиясының тарих пәнінің мұғалімі, Сисенғалиева Жамал - Бейнеу ауданы, Абай атындағы ЖББМ құқық пәні мұғалімі;

ІІ орын - Турсабеков Нұркасым Хакбердиевич,  Жаңаөзен қаласы №24 мектеп-лицейінің тарих пәнінің мұғалімі, Аманқос Жаннұр - Мұнайлы ауданы, Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 ЖББМ құқық пәнінің мұғалімі;

ІІІ орын - Бағдатұлы Міржақып,  Мұнайлы ауданы, №9 ЖББ мектебінің мұғалімі, Қылышбекқызы Бибінұр - Әл Фараби қазақ ұлттық лицейінің құқық пәні мұғалімі;

Ынталандыру дипломымен Көлбаев Исламбек - Бейнеу ауданы, Бейнеу лицейінің тарих пәнінің мұғалімі.

Жеңімпаз мұғалімдерді құттыктай отырып, алдағы уақытта да шығармашылық табыс тілейміз.

 

title=title=title=title=title=


Бүгін Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Маңғыстау ...

2025 жылғы 11 желтоқсанда Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспары және ...

Маңғыстау облысының білім беру ұйымдарында білім сапасын арттырудың 2025-2029 ...

СҮЙІНШІ ЖАҢАЛЫҚ! 2025 жылғы 3-9 желтоқсан аралығында Астана қаласында өткен ...

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен 2025 ...

Астана қаласында 2025 жылдың 1-5 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан ...

2025 жылғы 4–5 желтоқсан күндері Білім берудің оқу-әдістемелік орталығында ...

2025 жылға арналған Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жылдық жоспарына ...

Арнайы және инклюзивті білім беруді дамытудың ұлттық ғылыми-практикалық ...

Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес, 2025 жылғы ...