«SANALY URPAQ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті.
2024 жылғы 13 желтоқсан күні Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінде «SANALY URPAQ» студенттік клубтарының облыстық слеті өтті.
Слеттің негізгі мақсаты – рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбие мен өнегелілік, жауаптылық, бастамашылдық, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Слетке облыс бойынша 19 колледж командасы қатысты.
Қазылар алқасының шешімі төмендегідей:
1 орын - Бейнеу гуманитарлық колледжі, «Ақиқат» командасы;
2 орын - Бейнеу политехникалық колледжі, «Жалын» командасы және Каспий өңірі «Болашақ» колледжі, «Әділ жол» командасы;
3 орын – «Каспий» жоғары педагогика және салалық технологиялар колледжі, «Адал жастар» командасы және Н.Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжі, «Адал ұшқын» командасы;
«Саналы ұрпақ» номинациясы - Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі, «Smart Jastar» командасы;
«Креативті команда» номинациясы - Жаңаөзен политехникалық колледжі, «Арман» командасы;
«Жаңа тыныс» номинациясы - Маңғыстау облыстық жоғары медициналық колледжі, «Өнегелі өркен» командасы;
«Зияткер ұрпақ» номинациясымен - Түпқараған гуманитарлық-кәсіптік колледжі, «Парасат» командасы.
«Үздік әлеуметтік жоба» номинациясы – «Мейірбике» жоғары медициналық колледжі, «Жарқын болашақ»командасы.
Сонымен қатар, қазылар алқасының мүшесі «Риза-Ана» қоғамдық қорының директоры Тлемисова Айжамал 10 колледжге қор атынан Алғыс хаттар табыстады.
Маңғыстау облысының білім басқармасының 09.03.2025ж. № 62-нқ бұйрығына сәйкес 2025 ...
«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа ...
2025 жылғы 29 тамыз күні Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен ...
Маңғыстау облыстық тамыз конференциясы аясында ұстаздар қауымы үш бағыт ...
Бүгін, 27 тамыз күні Маңғыстауда «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» ...
27 тамыз күні Ақтау қаласында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» атты ...
«Әлем тарихында білім-ғылымды басты орынға қойып, дамудың даңғыл жолына түскен, ...
«Мұғалімнің құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болуға тиіс. Мен сөз ...
«Білім тәрбиемен ұштасқанда ғана берекелі, сапалы болады. Білім мен тәрбие – кез ...
«Биыл білім беру саласына 13 мыңнан астам грант бөлінді. Педагог мамандығы ...