Орталық жаңалықтары

«Робототехника дамытудағы жаңа қадамдар» облыстық семинар

2019 жылғы 1 ақпанда білім беру ұйымдарынының мұғалімдері арасында «Робототехника дамытудағы жаңа қадамдар» тақырыбында семинар өткізілді.

Білім саласында ғылым мен технологияның дамуына орай, оқушыларды ғылыми ізденіспен айналысуға дағдыландыру, үйірме жетекшілерінің іс-тәжірибе алмасуын жақсарту мақсатында өткізілген облыстық семинарға білім беру ұйымдарындағы робототехника үйірме жетекшілері мен орталық әдіскерлері қатысты. Барлық қамтылған мамандар саны:50

Семинар барысында төмендегі мұғалімдер жұмыс тәжірибесімен бөлісіп, шеберлік-сынып сағаттарын өткізді:

1. Қ.Жолдасбаев (Ақтау қаласы, «Оқушы» орталығы, робототехника үйірмесінің жетекшісі) «Arduino.Тәжірибелік сабақ».

2. Д.Әбілхан (Ақтау қаласы, химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, робототехника мұғалімі) «Жасанды интеллектің көмегімен ашылып, жабылатын сандықша құрастыру».

3. М.Атаназаров (Ақтау қаласы, №29 орта мектебі, робототехника үйірмесінің жетекшісі) «Жаңа технология. Жаңа бағдарлама. Жаңа ережелер».

4. А.Нұрғалиева  (Ақтау қаласы,  СТЕМ орталығының директоры)  «STEM-жаңа дәуір білімі».

Қорытындысында қатысушылар білім беру ұйымдарындағы робототехника үйірмелерінің жұмыс сапасын арттыру мақсатында пікір алмасып, өздерінің ұсыныс-пікірлерін білдірді. 

title=title=title=title=


Маңғыстау облысының білім басқармасының 09.03.2025ж. № 62-нқ бұйрығына сәйкес 2025 ...

«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа ...

2025 жылғы 29 тамыз күні Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен ...

Маңғыстау облыстық тамыз конференциясы аясында ұстаздар қауымы үш бағыт ...

Бүгін, 27 тамыз күні Маңғыстауда «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» ...

27 тамыз күні Ақтау қаласында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» атты ...

«Әлем тарихында білім-ғылымды басты орынға қойып, дамудың даңғыл жолына түскен, ...

«Мұғалімнің құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болуға тиіс. Мен сөз ...

«Білім тәрбиемен ұштасқанда ғана берекелі, сапалы болады. Білім мен тәрбие – кез ...

«Биыл білім беру саласына 13 мыңнан астам грант бөлінді. Педагог мамандығы ...