«Шығармашылық шыңы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
«Шығармашылық шыңы» тақырыбында облыстық семинар өтті.
2023 жылдың 31 наурыз күні жергілікті сазгерлер мен композиторларды ұлықтау, олардың шығармаларымен таныса отырып облыс көлемінде насихаттау және сазгер орындаушылардың шәкірттерімен таныстыру мақсатында «Шығармашылық шыңы» тақырыбында музыка пәні мұғалімдеріне арналған облыстық сазгерлер және ұстаздар кездесуі өтті.
Семинарға 50 мұғалім қатысты.
Семинар қатысушылары сазгер-әнші Марат Ордабаевтың, сазгер Қондыбай Шалабаевтың және әуесқой сазгер Қайырбек Боранқұловтың өмір жолдарынан жинақталған көрмеге саяхат жасап, олардың жас буын орындаушы шәкірттерімен танысты. Мектеп оқушыларынан жинақталған оркестр Қ.Сағырбаевтың «Балбырауын» және Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым» күйлерін орындап, ал мектеп оқушыларынан құралған хор Евгений Доганың вальсіне жазылған «Ғажап туған өлкем» әнін және «Дайдидау» халық әнін орындады.
Семинарда Маңғыстау облыстық білім басқармасының Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары Жұмабаева Жемісгүл Жеткізгенқызы алғы сөз сөйлеп, семинарды ашты.
Жаңаөзен қаласы, №7 жалпы білім беретін мектебінің музыка пәні мұғалімі, «Ару қызбен шай» жобасының жетекшісі Жаукенова Гүлнара Жауғаштықызы «Оралшы қайтадан көктем болып...» бағдарламасы бойынша Марат Ордабаевтың шығармаларын шәкірті арқылы таныстырды.
Маңғыстау ауданы, Е.Айшуақұлы атындағы жалпы білім беретін мектебінің музыка пәні мұғалімі Сабытаева Жазгүл Шамшадинқызы сазгер Қондыбай Шалабаевтың шығармалары аясында «Өнерлі ұстаздың өнегелі үлгісі» атты бетпе-бет кездесуін өткізді.
Қарақия ауданы, №3 жалпы білім беретін мектебінің музыка пәні мұғалімі Тоғайбаева Бахыт Елеубайқызы «Сегіз қырлы, бір сырлы ұстаз» тақырыбы аясында әуесқой сазгер Қайырбек Боранқұловтың әндерімен таныстырды.
Маңғыстау ауданы, Шетпе гимназиясының музыка пәні мұғалімі, облыстық музыка пәні мұғалімдерінің қауымдастық жетекшісі Ізтұрғанова Майра Аманжанқызы «Кәсіби ізденіс. Жетістікке жету жолдары» тақырыбында іс-тәжірибесімен бөлісті.
Семинар соңында сазгерлер мен мұғалімдерге «Алғыс» хаттар табысталды. Өлке өнерпаздарының шығармаларының насихатталуына үлес қосып жүрген музыка пәні мұғалімдеріне шығармашылық табыс тілейміз!
Маңғыстау облысының білім басқармасының 09.03.2025ж. № 62-нқ бұйрығына сәйкес 2025 ...
«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа ...
2025 жылғы 29 тамыз күні Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен ...
Маңғыстау облыстық тамыз конференциясы аясында ұстаздар қауымы үш бағыт ...
Бүгін, 27 тамыз күні Маңғыстауда «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» ...
27 тамыз күні Ақтау қаласында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» атты ...
«Әлем тарихында білім-ғылымды басты орынға қойып, дамудың даңғыл жолына түскен, ...
«Мұғалімнің құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болуға тиіс. Мен сөз ...
«Білім тәрбиемен ұштасқанда ғана берекелі, сапалы болады. Білім мен тәрбие – кез ...
«Биыл білім беру саласына 13 мыңнан астам грант бөлінді. Педагог мамандығы ...