«Үздік әдіскер» облыстық байқауы қашықтан өткізілді
Орталықтың 2020 жылғы 29 қазандағы № 64 нқ бұйрығына сәйкес, 18 қараша күні қосымша білім беру ұйымдарындағы әдіскерлер арасында «Үздік әдіскер» облыстық байқауы қашықтан өткізілді.
Шығармашылықпен шұғылданатын әдіскерлердің үздік әдістемелік тәжірибесін анықтау және тарату, педагог қызметкерлердің кәсібилігін қалыптастырып, дамытуда әдістемелік жұмыс жүйесінің бірегейлігін сақтау мақсатында өткізілген байқауға қосымша білім беру ұйымдарынан 8 маман қатысты. Ережеге сәйкес байқау 3 бөлімнен тұрды.
«Мен - әдіскермін» бөлімінде қатысушылар өзін таныстырса, «Үздік әдістемелік ұсыным» бөлімінде TEDx форматында қосымша білім беру бағыттары бойынша әдістемелік ұсынымдар, білім беру бағдарламалары, оқытудың инновациялық педагогикалық технологиялары бойынша жаңа идеяларын қорғады. «Электрондық портфолио» бөлімінде қосымша білім беру үдерісіне жаңа технологияларды енгізу бағытында жасақталған жоспарларымен таныстырды.
Байқау қорытындысында қазылар алқасы қатысушылардың еңбектерін саралап, жеңімпаздарды анықтады.
І орын – Жанатилеуова Камарсұлу Амангелдиевна (Жаңаөзен қаласы, Оқушылар шығармашылық үйі);
ІІ орын – Махметова Динара Қыдыровна (Ақтау қаласы. Оқушы орталығы);
ІІІ орын – Маденова Ақерке Орынбасаровна (Бейнеу ауданы, Қ.Бақтыбайұлы ат. Бейнеу өнер мектебі);
ІІІ орын – Жұмашбаева Мәншүк Абсалыққызы (Маңғыстау ауданы, Балалар өнер мектебі).
Арнайы номинациялармен:
«Ең жас әдіскер» номинациясы – Қуатова Алтынай Исламқызы (Түпқараған ауданы, Мұрын жырау Сеңгірбекұлы атындағы өнер мектебі);
«Ізденімпаз әдіскер» номинациясы – Көшенова Мәдина Уранбекқызы (Мұнайлы ауданы, Өнер мектебі).
Қатысқаны үшін сертификатпен:
Кенжебай Жанар Кенжебайқызы (Қарақия ауданы, Ө.Қалманбетұлы атындағы Жетібай балалар өнер мектебі);
Сатқанбаева Алмагүл Якшимамаедовна (Қарақия ауданы, Құрық балалар өнер мектебі).
Маңғыстау облысының білім басқармасының 09.03.2025ж. № 62-нқ бұйрығына сәйкес 2025 ...
«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа ...
2025 жылғы 29 тамыз күні Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен ...
Маңғыстау облыстық тамыз конференциясы аясында ұстаздар қауымы үш бағыт ...
Бүгін, 27 тамыз күні Маңғыстауда «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» ...
27 тамыз күні Ақтау қаласында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» атты ...
«Әлем тарихында білім-ғылымды басты орынға қойып, дамудың даңғыл жолына түскен, ...
«Мұғалімнің құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болуға тиіс. Мен сөз ...
«Білім тәрбиемен ұштасқанда ғана берекелі, сапалы болады. Білім мен тәрбие – кез ...
«Биыл білім беру саласына 13 мыңнан астам грант бөлінді. Педагог мамандығы ...