Облыстық бастауыш сынып мұғалімдері олимпиадасы өтті
2024 жылғы 25-26 сәуір күндері Білім берудің оқу - әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес, облыстық бастауыш сынып мұғалімдерінің олимпиадасы өтті.
Олимпиадаға аудан, қаладан үздік деп танылған 7 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты.
Олимпиада қатысушылары 4 кезең бойынша додаға түсті.
- “Функционалды сауаттылық - білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары”;
- “Мен жаңашыл мұғаліммін”;
- “Үздік педагогикалық идея”;
- Ашық сабақтар.
Қазылар алқасының шешімімен төмендегідей орындар мен номинациялар берілді.
І орын: Утепбергенова Гүлбану, Бейнеу ауданы, Абай атындағы мектептің бастауыш сынып мұғалімі;
ІІ орын: Жайыкова Ақкүріш, Жаңаөзен қаласы, С.Бегендікұлы атындағы N4 мектептің бастауыш сынып мұғалімі;
ІІІ орын: Еркаева Майра, Ақтау қаласы, Ф.Оңғарсынова атындағы N29 мектептің бастауыш сынып мұғалімі;
“Үздік сабақ” номинациясы: Конарбаева Гүлжамила, Мұнайлы ауданы,N11 мектептің бастауыш сынып мұғалімі.
Жеңімпаздар Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының дипломдарымен, сертификаттарымен марапатталды. Олимпиада жеңімпаздарын құттықтаймыз!
«Экономиканы жан-жақты жаңғырту жұмыстары адам капиталын дамытуға қатысты жаңа ...
2025 жылғы 29 тамыз күні Балаларды ерте дамыту институтының ұйымдастыруымен ...
Маңғыстау облыстық тамыз конференциясы аясында ұстаздар қауымы үш бағыт ...
Бүгін, 27 тамыз күні Маңғыстауда «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» ...
27 тамыз күні Ақтау қаласында «БІЛІМ КЕЛЕШЕГІ: АДАЛ АЗАМАТ, КӘСІБИ МАМАН» атты ...
«Әлем тарихында білім-ғылымды басты орынға қойып, дамудың даңғыл жолына түскен, ...
«Мұғалімнің құқығын қорғау мәселесі әрдайым басты назарда болуға тиіс. Мен сөз ...
«Білім тәрбиемен ұштасқанда ғана берекелі, сапалы болады. Білім мен тәрбие – кез ...
«Биыл білім беру саласына 13 мыңнан астам грант бөлінді. Педагог мамандығы ...