Орталық жаңалықтары

ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС МҮШЕЛЕРІМЕН ОНЛАЙН СЕМИНАР ӨТТІ

2021 жылдың 13 қазан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен білім беру ұйымдарында психологиялық сүйемелдеу және әдістемелік қолдау жұмыстарын жүзеге асыру мақсатында облыстық психологиялық кеңестің 2021 жылға арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, кезекті онлайн семинар өтті.

Маңғыстау облысының білім басқармасы басшысының орынбасары А.Ж.Тұржанова модераторлық етке семинарға Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы директорының орынбасары А. Мамаева, орталық мамандары мен облыстық психологиялық кеңес мүшелері қатысты.

Семинар барысында жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың, зорлық-зомбылықтың алдын алуда директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың, сынып жетекшілердің рөлі, олардың қызметтік міндеттерінің маңыздылығы түсіндірілді.

Сондай-ақ, А. Тұржанова қазіргі таңдағы өзекті мәселелер – оқушыларға қатысты зорлық-зомбылықтың, құқық бұзушылықтың, өзіне-өзі қол жұмсаудың алдын-алу бойынша жұмыс сапасын арттыруда қабылдануға тиісті жедел шаралар туралы тапсырма берді.

Осы орайда, аудандық, қалалық деңгейде құрылған психологиялық кеңестердің жұмысының маңыздылығы мен оны жандандыру тәсілдері, жоспарға сәйкес шаралардың орындалуы басты назарда болуы ескертілді.

Қатысушылар семинар соңында өздеріне қажетті сұрақтарына жауап алып, ұсыныстары мен пікірлерін ортаға салды. 

title=title=title=


"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...

Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...

2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...

2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...

Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...

2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...

Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...

2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...

Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...