Орталық жаңалықтары

Жас мамандарға тәлімгерлік көмек ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Ағымдағы жылдың 12 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығы мобильді топтың іс-шаралар жоспарына сәйкес, мектепке дейінгі ұйымдары педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету мақсатында Мұнайлы ауданы, «Жанымай» бөбекжайында «Жас мамандарға тәлімгерлік көмек ұйымдастыру» тақырыбында облыстық семинар өтті.

Семинарда «Тәлімгер мен жас маман», «Ұлттық құндылық - ұлт қазынасы», «Көңілді әуендер сиқыры», «Оюлар билейді», «Тағылымды тәлімгер жас маманның айнасы»,

«Жас маман мен тәлімгер үндестігі» тақырыптарында ашық оқу-іс әрекеттері, шебер сыныптар, тренингтер көрсетілді.

Семинар соңында педагогтер кері байланыс орнатып, іс-тәжірибелерімен бөлісті. 

title=