Ақтауда «Dosti Skills» халықаралық салалық чемпионаты жалғауда…
"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, кәсіби біліктілікті дәріптеген «Dosti Skills Aktau 2025» халықаралық салалық достық чемпионатының бүгін 1-күні.
Чемпионат Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің және "Тalap" коммерциялық емес акционерлік қоғамының, Маңғыстау облысы әкімдігінің қолдауымен, "Dosti" ақпараттық орталығының жетекшілігімен, Маңғыстау облысының білім басқармасы мен Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық коллледжінің ұйымдастыруымен өтуде.
Айтулы дода Ақтау қаласындағы «Halyk Arena» спорт кешенінің арнайы дайындалған алаңдарында «Electronics», «Autonomous Mobile Robotics», «Prototype Modelling» құзыреттіліктері бойынша өтуде.
Бұл чемпионатқа ақпараттық технологияны жетік меңгерген, WorldSkills, Euroskills, Asiaskills чемпионаттарының қатысушылары, ІХ Республикалық WorldSkills Kazakhstan 2024 чемпионатының жүлдегерлері мен әр өңірде өткен өңірлік WorldSkills Kazakhstan 2025 чемпионатының жеңімпаздары қатысып, бақ сынауда.
Олардың арасында шет мемлекеттерден: Аустралия, Қытай және Сауд Арабиясынан, сонымен қатар, Алматы қаласы, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Маңғыстау облыстарының техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының студенттері бар.
Додаға қатысушы 40 студенттің шеберлігі мен ақпараттық технология саласындағы білім-білігін, қабілет-қарымын зияткерлік пен заманауи технологияның тілінде "сөйлейтін" халықаралық деңгейдегі сертификатталған білікті бас сарапшылар: аустралиялық Эрхард Листль («Autonomous Mobile Robotics» құзыреттілігі), қытайлық Хуанг Син («Electronics» құзыреттілігі) мен қазақстандық Геннадий Мергулов («Prototype Modelling» құзыреттілігі) саралайтын болады.
Worlskills қозғалысының халықаралық стандарттарына сай ұйымдастырылып отырған бұл чемпионат жастардың кәсіби білік-дағдыларын шыңдауға, бәсекелестік орта қалыптастыруға мүмкіндік беретіні сөзсіз.
Аталмыш чемпионат аясында өңірдегі техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының цифрлық даму деңгейін, инновациялық шешімдері мен білім беруде қолданылатын жаңа технологияларын, білім алушылардың өз қолдарымен дайындаған өнімдерін таныстыру мақсатында көрме ұйымдастырылуда.
О. Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжінің студенттері мен өндірістік оқыту шеберлерінің Жаңаөзен қаласындағы “ӨзенМұнайГаз” компаниясының мұнайды есепке алу қондырғысы негізінде құрастырған тренажер-имитаторы;
Н. Бекбосынов атындағы Маңғыстау энергетикалық колледжінің энергетика саласы мамандарының қауіпсіз ортасын қалыптастыруға арналған электронмонтаждық виртуалды (AR/VR) симулятор;
Х. Өзбекғалиев атындағы Маңғыстау жоғары политехникалық колледжі студенттері әзірлеген Dobot манипуляторы: көпфункциялы роботтық платформа, Даяшы роботтар, Каскад МРS, МРS2 құрылғыларының бағдарламаларының презентациялары;
Ақтау технологиялық қызмет көрсету колледжі студенттерінің Julivi САПР бағдарламасы арқылы киім үлгілерін цифрлық түрде жобалап, автоматты түрде дайындаған лекалоларының үлгілері ұсынылды.
Сонымен қатар, Bolashaq» заманауи білім беру шешімдерін әзірлейтін қазақстандық компания «Мediana Services Limited» ЖШС-нің Arduino платформасына негізделген STEM-жинағы;
«Глобал Азия Групп» ЖШС-нің «AI ПРОФОРИЕНТАТОР» жасанды интеллект негізіндегі кәсіби бағдар беру стенді мен оқушыларға автоматтандыру, жарықтандыру және қауіпсіздік жүйелерін жинауға және бағдарламалауға мүмкіндік беретін сенсорлары мен ақылды үй макеті бар Arduino платформасына негізделген «Smart Shanyraq» білім беру жинағы;
Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университеті студенттерінің "Technopark FabLab" кешенінде өндірген робот-жеткізуші, ағаш және қолөнер бұйымдары ұсынылды.
Чемпионаттың бірінші күнінде көрме алаңын 200-ге жуық жалпы білім беретін мектеп оқушылары мен колледж студенттері аралады. Бұл - ақпараттық салаға қызығушылық танытып жүрген жастарға кәсіптік бағдар беруде таптырмас құрал болып отыр.
"Жұмысша мамандықтар жылы" аясында жаңа технология мен достықты ұштастырып, ...
Бүгін, 1 маусым күні Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің, ...
2025 жылдың 28 мамыр күні Ақтау қаласы бойынша білім бөліміне қарасты №32 жалпы ...
2025 жылғы 22-23 мамыр күндері Балаларды ерте дамыту институтының және Білім ...
Халықаралық конференция өтті 2025 жылғы 22 мамыр күні «Жұмысшы мамандықтар ...
2025 жылғы 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы №31 жалпы білім беретін мектебінде ...
Бүгін, 22 мамыр күні Ақтау қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы №28 жалпы ...
2025 жылғы 20 мамырда “Жұмысшы мамандықтар жылы” жоспарына сәйкес, Х.Өзбекғалиев ...
Колледж педагогтері кәсіби дағдыларын сынға салды «Жұмысшы мамандықтар ...