Информатика пәні бойынша «Білім олқылықтарын жою» туралы вебинар өткізілді.
«Білім олқылықтарын жою» тақырыбында вебинарда облыстың педагог-зерттеуші информатика пәні мұғалімдері үздік іс-тәжірибелерімен бөлісті. Барлығы 85 мұғалім қамтылды.
Вебинарда облыстық қауымдастық жетекшісі А.Дарменова – Әдістемелік нұсқаулық хаттағы Білім алушылардың біліміндегі олқылықтардың орнын толықтыру бойынша жұмыс ұйымдастыру мәселеріне қысқаша тоқталды.
Информатика пәні мұғалімдері К. Кулшарова Ғ.(Мұнайлы ауданы №4 ЖББМ), Б.Авезова (Бейнеу ауданы, Атамекен орта мектебі), Г. Абуова (Маңғыстау ауданы А.Меңдалыұлы атындағы мектеп), Н. Менгали (Ақтау қаласы, №12 ЖББМ), У.Мукашева Жаңаөзен қаласы, №4 ЖББМ), А. Ахметова (Тупқараған ауданы Е. Өмірбаев атындағы орта мектеп) сыныптарда оқушылардың нашар меңгерген тақырыптарын анықтаудың жолдары және олқылықтардың орнын толтыру мақсатында қайталау тақырыптарына арналған жобаларын ұсынды.
Пәнге деген қызығылушылығын арттыру мақсаттарының бірі білім алушылардың жобалық іс-әрекеттерін дамыту жұмыстарын жүргізу мұғалімнің басты міндеті. Жобалау технологияларын қолдану пән бойынша оқу сапасын көтеріп қана қоймайды, пәнаралық байланысты жүзеге асырады және оқу пәнін игерудің тиімділігін арттырады. Осы тұрғыда вебинарда өз тәжіриелерімен бөліскен спикерлерге алғыс айта отырып, білім алушылардың білім сапасы арттырудағы жұмыстарына сәттілік тілейміз.
Ағымдағы жылдың 24 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының ...
2023 жылдың 22-23 ақпан күндері Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына ...
2023 жылдың 22 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар ...
Облыстық бастауыш сынып мұғалімдері қауымдастығының ұйымдастыруымен 2023 ...
«Білім беру ұйымдарында қауіпсіз орта құру» тақырыбында облыстық ...
Бүгін, 17 ақпан күні «Мектеп кітапханашылары қауымдастығы: кәсіби байланыс, ортақ ...
Маңғыстау облысының білім басқармасы «Білім берудің оқу-әдістемелік ...
Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының іс-шаралар жоспарына сәйкес 17 ақпан ...
Білім берудің оқу –әдістемелік орталығының іс – шаралар жоспарына сәйкес, 2023 ...
2023 жылғы 16 ақпан күні Білім берудің оқу-әдістемелік орталығының жоспарына ...